• Басты
  • Жаңалықтар
  • Халықаралық бағдарламалар орталығы шетелде білім алу мәселесі бойынша ақпараттық алаңға айналады

Халықаралық бағдарламалар орталығы шетелде білім алу мәселесі бойынша ақпараттық алаңға айналады

7 Қазан, 2016 12:39
Халықаралық бағдарламалар орталығы шетелде білім алу мәселесі бойынша ақпараттық алаңға айналады, деді BARSEF – «Болашақ» бадарламасының III халықаралық конференциясында ХБО президенті Жанболат Мелдешов.

«Болашақ» стипендиясының танымалдылығы  қазақстандықтар арасында өте жоғары беделге ие, алайда әлемде өзге бағдарламалар да жетерлік. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ шетелде білім алу мәселесі бойынша ақпараттық алаңға айналмақ. Біз қазқастандық және шетелдік ЖОО-ларды біріктіретін көпірге айналуымыз керек», - деді Жанболат Мелдешов.

Конференцияда сөз сөйлеген ХБО президенті шетелдік қонақтарға «Болашақ» стипендиясының жаңашылдықтары туралы айтты. Оның айтуынша, байқаудың үшінші кезеңінде министрдің бұйрығымен құжат тапсыру уақыты 14 қазанға дейін шегерілді. Бұл өңірлерден де қатысушылардың саны көбейгендігін көрсетеді.

«Халықаралық сарапшылар «Болашақ» стипендиясын  11 стипендиялық бағдарламаның ішінен үздік деп тапты. «Болашақ» елге мыңдаған білікті мамадарды сыйлады деп айта аламын», - деді ол.

BARCEF конференциясы Орталық Азиядағы шетелдік және отандық жоғары оқу орындары арасында екі жақты байланыс орнатуға, кадрлар даярлау және білімді интернационалдандыру, академиялық ұтқырлықты дамыту және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері жөнінде сарапшылардың пікір алмасуына арналған ауқымды шара болып саналады.

Жыл сайын BARCEF жетекші шетелдік және қазақстандық университеттердің, отандық компаниялардың 60-тан аса өкілінің, Қазақстанның 4000-нан аса мектеп оқушысы мен студенттерінің басын қосады.

Барлық жаңалықтар