- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова: Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына енуі жаңа дәуірдің мамандарын дайындауды қажет етеді
Г.Әбдіқалықова: Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына енуі жаңа дәуірдің мамандарын дайындауды қажет етеді
«Болашақ» жобасы болашақ басқарушылар мен әлемдiк деңгейдегi мамандарды дайындауға құйылатын президенттiк инвестиция болып табылады. Бағдарлама бекiтiлгеннен бастап 12 мыңнан астам стипендия берiлiп, 8,5 мыңнан астам маман даярланды. Бағдарламаның арқасында жылдан-жылға жоғары бiлiктi мамандар қатары артып, елдiң еңбек және ғылыми әлеуетi нығаюда. Олар қазақстандық ғылым мен экономиканы дамытуға үлкен үлес қосып келедi», - деді Г.Әбдіқалықова.
Мемлекеттiк хатшы «Болашақ» студенттерi ауыл шаруашылығы, медицина, өнер саласында жаңалықтар ашқанын атап өттi.
«АҚШ-та докторантураны бiтiрген, қазiр Назарбаев Университетiнде ғылыми қызметкер болып жұмыс iстейтiн Дамира Қанаева қатерлi iсiк пен туберкулез диагнозын бастапқы кезеңде дәл анықтауға мүмкiндiк беретiн оптикалық биосенсор ойлап тапқан. Бұл әдiспен ауру бiрнеше сағатта анықталады. Ал Германияның университеттiк клиникасында бiлiм алып, ординатурасында оқыған балалар кардиохирургi Дмитрий Горбунов жүрек ақауы бар балаларға 2 мыңнан астам күрделi ота жасаған», - деп толықтырды мемлекеттiк хатшы.
Қорытындысында Мемлекеттік хатшы бағдарламаға енген өзгертулер туралы айтып өтті, олар бағдарламаны жаңа сапалы дәрежеге көтеруге бағытталған.
«Біздің алдымызда 30 дамыған елдің қатарына ену міндеті тұр, оны жүзеге асыру жаңа дәуірдің мамандарын даярлауды қажет етеді», - деді ол.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер