• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҚО-да өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағалары 2016 жылғы қыркүйекте 6,5%-ға төмендеді

БҚО-да өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағалары 2016 жылғы қыркүйекте 6,5%-ға төмендеді

8 Қазан, 2016 13:04
Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың баға индексі өнеркәсіптік сипаттағы қызметтерді қоса алғанда тамыз айына қатысты 2016 жылғы қыркүйекте 94% құрады. Аралық тұтыну тауарлары бағалары - 6,8%-ға, өндірілген өнім - 6,5%-ға арзандады, деп хабарлады облыстық статистика департаменті.

Кен өндіру өнеркәсібінің бағасы 6,9%-ға төмендеді, өңдеу өнеркәсібінде баға - 0,6%-ға өсті. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда тарифтер 100% деңгейінде қалды.Ағымдағы жылғы қыркүйекте газ тәрізді күйдегі табиғи газ бағасының 3,9%-ға, шикі мұнай бағасы 68,6%-ға қымбаттауы тіркелді.

Пісірілген шұжық өнімдері, сосискілер, сарделкілер - 0,4%-ға, пісірілген, ысталған, жартылай кептірілген, шикілей қақталған, шикілей ысталған шұжықтар, ”салями” бағасы 0,1%-ға өсуімен белгіленген. Ұсақ тартылған бидай ұны бағасы 3,1%-ға төмендеді.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар