- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік хатшы: «Болашақ» бағдарламасы Қазақстанға кадр дайындаудың әлемдік жүйесіне ықпалдасуға мүмкіндік берді
Мемлекеттік хатшы: «Болашақ» бағдарламасы Қазақстанға кадр дайындаудың әлемдік жүйесіне ықпалдасуға мүмкіндік берді
«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт жоспары – « 100 нақты қадамда» білім беру секторының сарапшылық әлеуетін дамыту мен ЭЫДҰ стандартына сай адамзаттық капиталдың сапасын арттыру міндетін қойған еді. Бұл міндетті жүзеге асыру шараларының бірі «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асыру және бүгінгі көрмені өткізу болып табылады. Қазақстан Тәуелсіздік жылдары әлемдік саяси кеңістікте өз орнын алып, өзінің күн тәртібмен халықаралық аренаға шықты. Елбасының ядролық қарусыздану мен оны таратпау бастамалары Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік саммитінде жаһандық талқылауға ие болды. Шарада «Әлем.21 ғасыр» манифесті ұсынылды. Манифест Бас Ассамблея мен БҰҰ ҚК ресми құжаты мәртебесіне ие болды», - деді Г.Әбдіқалықова.
Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік хатшысы атап өткендей, тамызда Семей полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай халықаралық конференция өтті, ал қарашада Елбасының бастамасымен астаналық әлем саммиті өтеді.
«Саммитке бірқатар елдердің мемлекет және үкімет басшылары, танымал саясаткерлері мен қоғам қайраткерлері, ғалымдары мен кәсіпкерлері қатысады. «Болашақ» бағдарламасы Елбасының маңызды бастамаларының бірі, ол 23 жыл ішінде Қазақстанның кадр дайындаудың әлемдік жүйесіне ықпалдасуына ықпал етті», - деді Г.Әбдіқалықова.
Оның айтуынша, «Болашақ» жобасы – бұл болашаққа салынған президенттік инвестиция.
«Бұл бағдарлама іске қосылғаннан бері 12 стипендия тағайындалып, 8,5 мың маман дайындалды. Бағдарламаның нәтижесінде жыл санап жоғары білікті мамандардың қатары артуда», - деді Мемхатшы.
Ботагөз Айтжанова
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары