Сарапшылар ЕАЭО елдерінде экономикалық өсімнің қалыптасуын болжауда

7 Қазан, 2016 12:31
Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕЭК коллегиясының төрағасы жанында ғылыми-сарапшылар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады ЕЭК.

ЕЭК ұжымының  төрағасы жанында ғылыми-сарапшылар кеңесінің мақсаты Еуразиялық экономикалық одақ үшін өзекті тақырыптарды үнемі талқылап отыру және ЕАЭО дамуының ішкі факторларын  талқылау.

ЕЭК ұжымының төрағасы Тигран Саркиясын атап өткендей,  жоспарлау модельдері мен бизнес қауымдастықтардың  шешім қабылданған кездегі болжамдары  оқиғаны түп қанығына дейін меңгермеуіне әкеледі.

ЕЭК макроэкономика және интеграция жөніндегі министр Татьяна Валованың айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақты дамыту әлеуетіне баға беру әсер ететін факторлар негізінде қалыптасуы керек.

РФ-дағы Халықаралық валюта қорының  тұрақты өкілдігінің басшысы  РФ Габриэль Ди Белла Одақтың ірі экономикасы – Ресей Федерациясындағы  экономика жағдайының тұрақталғанын айтты.

«Осы уақыттың өзінде тенденция тұрақты болмай отыр. Сондықтан Ресей тарапынан салмақтанған тұрақты саясатты күтіп отыр», - деді Габриэль Ди Белла.

Барлық жаңалықтар