• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атырауда инвестициялық форумның қорытындысы бойынша 50 млрд теңгенің келісім шарттарына қол қойылды

Атырауда инвестициялық форумның қорытындысы бойынша 50 млрд теңгенің келісім шарттарына қол қойылды

5 Желтоқсан, 2013 09:52
Атырауда алғашқы «ATYRAU INVEST - 2013» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Форумда жалпы құны 50 млрд. теңгеге келісімшарттар мен шарттарға қол қойылды, деп ішкі саясат басқармасы хабарлады.

«Атырау облысындағы форумда жалпы құны 50 млрд. теңгеге келісімшарттар мен шарттарға қол қойылды», - делінген хабарламада.

Атап өтсек, Атырау облысында фармацевтикалық зауыт, екі жел электр стансасын, сондай-ақ, заманауи фланц және пластикалық терезе шығаратын кәсіпорындар салу туралы шарттар.

Атырау кәсіпкерлері бірнеше елдің іскер қауымдары өкілдерімен аймақта өндірілетін химиялық реагенттер мен метал пластиктен жасалған құбырларды экспортқа шығару туралы келсілді.

Барлық жаңалықтар