• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық компаниялар Қазақстанның өңірлеріне әлеуметтік инвестиция бағыттайды

Ұлттық компаниялар Қазақстанның өңірлеріне әлеуметтік инвестиция бағыттайды

7 Қазан, 2016 10:13
Қазақстанда «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын іске қосты.

Бағдарламаның мақсаты – өңірлерде өмір сүру сапасын арттыру, тұрғындардың сапалы қалалық ортаға, білім мен медицинаға, мәдени нысандарға  қолжетімділігін кеңейту, деп хабарлады Самұрық-Қазына.

Бағдарлама «Самұрық-Қазына» АҚ холдингінің өңдеу және өндіру компаниялары таныстырылған Қазақстан өңірлерін қамтиды.  Бірінші кезеңде  (2016-2017 жылдары) бағдарлама Ақмола, Павлодар, Маңғыстау облысын қамтыса, кейін қалған 5 облысты қамтымақ.

Бағдарламаның негізгі ұстанымы – шалғай елді мекендерде тұратын адамдарды сапалы әлеуметтік инфрақұрылымға жеткізу.

«Менің Елім» бағдарламасы Аршалы ауылында іске қосылды,  Қор бірқатар әлеуметтік нысандарды іске қосты.

Барлық жаңалықтар