- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да туристік шатырлы қалашық салынады
ОҚО-да туристік шатырлы қалашық салынады
«Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ аумағында салынатын «Эко Кэмпинг» жобасының құрылысы келер жылы басталады.
Халыққа қол жетімді бағада ұсынылатын шатырлы қалашық туристке қажетті барлық жабдықтармен қамтылатын болады. Тағы бір айта кететін жайт, мұндағы жарықтандыру күн батареялары есебінен жүзеге асады.
Оңтүстіктің туристік әлеуеті мен тау туризмін және альпинизмді дамыту мақсатында қолға алынған жобаны «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ мен «Ontustik» альпинизм Федерациясы бірлесе іске асырмақ.
Сонымен қатар, бүгінгі туристік форумда бірқатар шетелдік компаниялармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында 7 меморандумға қол қойылды. Олар, Сарыағашта жаңа курорт қалашығын салу, туризм мектебін құру жəне халықаралық автодəліз жолының бойында қызмет көрсететін бірқатар нысандарды салу жобалары болып табылады. Сондай-ақ, шара барысында өңірге инвестиция тарту бағытында бірқатар келісімдер жасалды.
Еске салайық, бүгін таңертең жұмысын бастаған «Ontustik Tourism-2016» туристік форумы туризм саласындағы өңіраралық және халықаралық серіктестіктерді дамытуға және іскерлік қатынастарды орнатуға мүмкіндік береді. Форумға 300-ден астам қазақстандық және шетелдік қонақтар қатысуда.
-
COVID-19: Созылмалы аурулары бар науқастарға вакцина қалай салынады -
COVID-19 қарсы вакцинация: кімдерге салынады, кімдер үшін қауіпті, препарат қалай жеткізіледі -
Абай175: Ұлы ақын туғaн өңiр туристік нысанға айналды -
А.Цой: Мaска режимін сақтaмағандарға айыппұл салынады -
Алматыда туристік орындарға баруға шектеулер енгізілді -
Е.Тоғжанов: Карантин шараларын бұзғандарға айыппұл салынады -
Түркістан облысында тігін фабрикасы салынады -
"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Маңғыстау облысында 9500 тұрғын үй салынады -
Шымкентте жылыжай кешені салынады -
Д.Рыспеков: Туристік инфрақұрылымды дамыту үшін 51,5 млрд теңгеге 44 жоба жүзеге асырылды -
Қызылорда облысында 6400 тұрғын үй салынады -
«Нұрлы жер» аясында Қарағанды облысында 5100 тұрғын үй салынады -
Қазақстанда 2020 жылы туристік маусым бола ма -
Атырау облысында “Нұрлы жол” бойынша 6,5 мың тұрғын үй салынады -
Атырау облысындағы Қашаған кен орнында ілеспе газды өңдейтін ірі зауыт салынады