• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Қызылорда облысында мембранды тазалау қондырғысы орнатылды

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Қызылорда облысында мембранды тазалау қондырғысы орнатылды

5 Желтоқсан, 2013 09:31
«ҚазРес Инновация» кәсіпкерлігімен біріге отырып Жаңақорған ауданынының 4 ауылдық округінде мембранды тазалау қондырғысын орнату жобасы іске асырылды, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Мембранды тазалау қондырғылары Жаңақорған ауданының Үзгент, Ақсуат, Жаңаарық және Байкенже ауылдық округтерінде орнатылды. Аталмыш елді-мекендерде бүгінге дейін ауыз су мәселесі шешімін таппау келген болатын», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «ҚазРес Инновация» компаниясы Қызылорда қаласындағы «Балалар үйі» мен Жаңақорғандағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына да қайырымдылық ретінде мембранды тазалау қондырғысын орнатып берді.

Естеріңізге сала кетейік, «КазРос Инновация» кәсіпкерлігі «Water LAB KZ» компаниясы мен «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясымен бірігіп жоғары тиімді технология мен инновациялық технологияларды қолдана отырып ауыз суды тазалайтын мембранды қондырғыларды өндіру жобасын іске асыру мақсатында құрылған болатын.

Барлық жаңалықтар