- Басты
- Жаңалықтар
- ТМД қатысушы-мемлекеттері Мәдени ынтымақтастықтың өзара байланысын меңгерді
ТМД қатысушы-мемлекеттері Мәдени ынтымақтастықтың өзара байланысын меңгерді
Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Түркменістан өкілдері Астанада Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберіндегі мәдени өзара әрекеттесу мәселелерін талқылау үшін жиналды. ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Мәдени ынтымақтастық бойынша кеңесінің ХХХІ отырысының ашылу рәсімі бүгін Қазақстан Республикасының елордасында өтті.
Биылғы Отырыс аталмыш ұйымның 25-жылдығына орайластырылып ұйымдастырылды. Ширек ғасыр бойғы қызметінде ТМД өзін теңқұқылы тәуелсіз мемлекеттердің ынтымақтастық формасы, қызметінің негізгі бағыттарының бірі гуманитарлық әріптестік болып табылатын беделді аймақтық мемлекетаралық ұйым ретінде көрсете білді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова министр Арыстанбек Мұхамедиұлының шара қатысушылары мен қонақтарына арналған құттықтау хатын оқыды. Министр хатында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың арқасында ТМД көптеген бастамалары өз жалғасын тауып, елдер арасындағы көпжақты байланыстарды белсендете түсуде өз үлесін қосқандығына ерекше тоқталып өтті.
«Жалпы, достастық мүшелерінің барлық мәдени жобалары өркениеттің ортақ мұрасын, рухани және материалды мәдениет ескерткіштерін, ТМД қатысушы-мемлекеттердің барлық халықтарының ұлттық жетістіктерін сақтап қалу мен пайдалану, олардың ұлттық және діни дәстүрлерін сыйлауға бағытталған негізгі қағидаларымен біріктірілген», - деп жазды министр.
Қазақстандық ведомствоның өкілі А.Райымқұлова айтып кеткендей, ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Мәдени ынтымақтастық бойынша кеңесі аясындағы Қазақстанның негізгі мақсаты көпұлтты мемлекеттің бірегей мәдени мұрасын сақтау мен арттыру, қазақ халқының тарихи тамырларын қалпына келтіру болып табылады. Осы мақсатта Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі ЕурАзЭҚ, ЮНЕСКО, ШЫҰ, ТМД, ТҮРКСОЙ шеңберінде мәдени халықаралық саясат пен жобаларды жасақтау мен жүзеге асыруға белсенді атсалысып келеді.
Атқарушы комитетінің төрағасы – ТМД Атқарушы хатшысының орынбасары Қонысбек Жүсіпбеков, отырыстың жүргізушісі – Армения Республикасы мәдениет министрінің орынбасары Артур Погосян шара қатысушылары мен қонақтарына арналған құттықтау сөз сөйледі.
Екі күнге созылатын Отырыс жұмысының негізгі бағыттары мәдени ынтымақтастықтың даму жағдайы мен болашағы, мәдени байланыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдардың өзара әрекеттесуі, Достастық шеңберінде мәдениет дамуының үрдістері мен ерекшеліктерін зерттеу және т.б. қамтиды.
Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы, Молдова Республикасы, Беларусь Республикасы, Армения Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы және Ресей Федерациясының өкілдері, сонымен қатар ТМД Атқарушы комитеті мен Халықаралық Дельфи комитетінің өкілдері қатысуда.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Ауылды дамыту: Мәдениет, өнер және спорт саласындағы өзгерістер -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
Өзгерген әлемдегі құндылықтар бәйгесі -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
Лaтын алфавитіне көшу: саяси және мәдени аспектілер -
ИНФОГРАФИКА: ТМД-да тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші қандай -
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
Қазақстан және ЕАЭО: ынтымақтастықтың Қазақстан үшін тиімді жақтары қандай