- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада өтетін байқауда Қазақстанның үздік пошта қызметкері таңдалады
Астанада өтетін байқауда Қазақстанның үздік пошта қызметкері таңдалады
Осы жыл ішінде әрбір облыстық филиалда облыстың үздік пошта қызметкері атағына байқау өткізілді және бүгін 16 облыстық жеңімпаз «Еліміздің үздік пошта қызметкері – 2016» атағын анықтауға арналған ақтық байқауға қатысу үшін Астанаға келді.
«Бүгін бізде өте маңызды іс-шара, ол Дүниежүзілік пошта күнін тойлау қарсаңында өткізіліп отыр. Бұл біздің кәсіби мерекеміз, сондықтан біз жыл сайын қызметкерлерді, үздік операторларды, пошта қызметкерлерін тарта отырып, дәл осылай тойлауға тырысамыз. Біз үшін өз қызметкерлеріміздің маңыздылығын көрсету маңызды. Сондықтан осы жылы біз кезекті үздік операторларды таңдаймыз, оларға арнайы сыйлықтар дайындап қойдық. Олар жыл бойы үздік ондыққа кіруге тырысты. Сондықтан мұндай іс-шаралар компания үшін айтарлықтай маңызды», - деп хабарлады «Қазпошта» АҚ-ның қаржы қызметтері жөніндегі басқарушы директоры Айнұр Күнхожаева.
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, «Еліміздің үздік пошта қызметкері» атағы алғаш рет өткен жылы берілген болатын, ол Ақтөбе облыстық филиалының пошта қызметкері Торғын Шөкеева болды. Осы жылы «Еліміздің үздік пошта қызметкері – 2016» байқауынан басқа, компания қызметкерлері мен олардың балаларына арналған әр түрлі байқаулар ұйымдастырылған, оған қатысушылар өздерінің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін көрсете алады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі