• Басты
  • Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім берудің ортасы кеңейе түседі

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім берудің ортасы кеңейе түседі

6 Қазан, 2016 18:53
Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы түзету мектептерінің қызметкерлеріне арналған халықаралық конференцияда екі күн бойынша Көкшетау қаласында өтпек. Бұл туралы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы хабарлады.

Қазіргі уақытта әлемде де біздің елімізде де инклюзивті білім беру дамуда. Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың да жалпы білім беру мектептерінің білім беру процесіне қосылуына мүмкіндік береді.

Қазақстанның білім және ғылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі инклюзивті білім беру жүйесін дамыту болып табылады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің бастамасы бойынша Ақмола облысының білім басқармасы Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтымен бірлесіп Көкшетау қаласының есту және сөйлеу қабілеттері бұзылған балаларға арналған №4арнайы түзету мектеп-интернатында халықаралық конференция өткізуде.

Аталған шараға Ресей және Қазақстан арнайы түзету мектептерінің қызметкерлері, университет оқытушылары, сонымен қатар түзету кабинеттерінің, инклюзивті мектептер мен медициналық, психологиялық және медициналық консультация қызметкерлері қатысты.

Ақмола облысының білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова өңірде 4370 мүмкіндігі шектеулі балалардың тізімде тұрғанын әрі кездесу барысында қарастырылатын мәселелердің шын мәнінде аса маңызды екендігін атап өтті.

Балалардың психологиялық, медициналық және педаагогикалық тексеру, оларды оқыту, түзету және оңалту түрін анықтау, сонымен қатар Ақмола облысының мүмкіндігі шектеулі балаларынының ата-аналарына кеңес беру мақсатында 4 психологиялық, медициналық және педагогикалық консультацияылар, 12 психологиялық, медициналық және педагогикалық түзету кабинеттері, балабақшалар жанындағы ұйымдастырылмаған балаларға арналған инклюзивті және түзетудің 2 кабинеті мен 4 арнайы түзету мектеп интернаттары мен 1 аралас балалар үй жұмыс істеуде.

Балым Ізбасарованың айтуынша бүгінгі таңда есту және сөйлеу қабілеттері бұзылған балаларды оқыту және тәрбилеу процесі инклюзивтенген жалпы білім беру мекемелерінде кеңейтіліп келеді. Сөйлей алатын бірақ дыбысты сәл дұрыс айта алмайтын оқушылар жалпы білім бекру мектептерінде оқып жатыр.

Ақмола облысында есту қабілеттері бұзылған балаларды әріқарай оқыту мәселелеріне аса маңызды орын берілген. Техникалық және кәсіби білім беру жүйесі бұл білім берудің ерекше білім алу қажеттіліктері бар жасөспірімдер олардың қоғамда одан әрі әлеуметтенуіне қажетті білімдерін алатын білім саласы.

Сонымен өңірде тірек-қимыл жүйесі, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған балаларды оқытуға екі колледжде жағдай жасалған.

 

Барлық жаңалықтар