- Басты
- Жаңалықтар
- ОСК: Қазақстанда мәслихат депутаттығына кандидаттарды насихаттау кампаниясы басталды
ОСК: Қазақстанда мәслихат депутаттығына кандидаттарды насихаттау кампаниясы басталды
«Сайлау заңнамасына сәйкес тиісті округтік сайлау комиссиялары кандидаттарды тіркеуді келесідей құжаттар ұсынылғанда жүзеге асырды: ниеті туралы өтініш (қоғамдық бірлестік ұсынған жағдайда – келісімі туралы);өмірбаяндық деректер;кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табысы туралы және мүлкі туралы декларацияларды тапсырғаны туралы салық органдарының анықтамалары;кандидаттың 114295 теңге мөлшерінде сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат», - ОСК хатшысы Б.Мелдешов.
Қоғамдық бірлестіктер ұсынған кандидаттар қосымша қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органының тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну туралы отырысының хаттамасынан үзіндісін осы қоғамдық бірлестіктің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесімен қоса ұсынуы тиіс.
Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3-тен аса үміткерді құрайды.
«Тіркелген кандидаттардың көбі ер адамдар – 79 немесе 82,3%. Әйелдер – 17 немесе 17,7%.31-і - Қазақстан Республикасының саяси партияларының мүшелері, 48-і партияда жоқ, 17-сі – партияға тиесілігін көрсетпеген.Орташа жас – 41 жас.83,3% - ның жоғары білімі, 11,5%-ның арнаулы орта және 5,2%-ның орта білімі бар.Бұл ретте тіркелген кандидаттардың үштен бірі (29,2%) мамандығы бойынша оқытушылар, 18,8%-ы - инженерлер, 14,6%-ы - экономистер, 8,3%-ы - заңгерлер, 6,2%-ы – дәрігерлер», - деді ол.
43,8%-ы мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың қызметкерлері болып табылады; 40,6%-ы - коммерциялық құрылымдарда қамтылған; 13,5%-ы - саяси партиялар мен ҮЕҰ-да жұмыс істейді.Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 28 қазанда 24 сағатқа дейін созылады.Дауыс беру 2016 жылғы 30 қазанда болады.
Осы сәтте мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау науқанын өткізуге байланысты шағымдар мен өтініштер Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен жоқ.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша