Астанада Бауыржан Момышұлы туралы кинотаспа таныстырылды

5 Желтоқсан, 2013 09:30
Астанада «Бауыржан Момышұлы» атты 4 сериалы фильмнің алдын ала көрсетуі болып өтті, оның режиссері Ақан Сатаев, деп BNews.kz хабарлады.

«Сюжетке  Александр Бектің «Волоколамское шоссе» повесті негіз болды. Фильм бас кейіпкердің генерал Панфиловпен танысу сюжетін баяндайды. Сондай-ақ, оның Кеңес армиясының коминдиріне жеткен жолы суреттеледі», - делінген хабарламада.

«Мен үшін Бауыржан Момышұлының рөлін ойнау үлкен мәртебе. Меніңше, қазақ ұлтының қанына сіңген жігерлілік пен қайсарлық бар. Сондықтан да, біздің халық осы сынды азаматымызды мақтан тұтуы керек», - деді Еркебұлан Дайыров.

Оның айтуынша, көркем сериал тарих құрамына белгілі құндылықтарды енгізуі мүмкін.

Жобаның бастамасына өз септігін тигізген «Хабар»  Агенттігі. Түсірілімдер Алматы облысының Талғарында және  Минск қалаларында жүзеге асты.

 
 
 
 

Барлық жаңалықтар