- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда балық өнеркәсіптік өндірісін қайта жаңғырту жоспарлануда
Қазақстанда балық өнеркәсіптік өндірісін қайта жаңғырту жоспарлануда
«Біз бүгінгі таңда балық өнімінің қажеттілігі өсіп келе жатқанын барлығымыз түсінуіміз қажет және сәйкесінше, біз табиғи популяциядан ауланатын балық көлемдеріне ғана сүйенбеуіміз тиіс. Біздің бүгінгі таңдағы міндетіміз – балықтардың табиғи популяциясы ұшыраған жүктемені алу. Ал олар өте көп. Оларды аквамәдениетті дамыту арқылы ғана алуға болады», - деп түсіндірді Е. Нысанбаев.
Оның айтуы бойынша, бүгінгі күні Қазақстандағы балық өсіру көлемі табиғи су қоймаларының балық түсімімен салыстырғанда тіпті 2%-дан да аспайды. Су қоймаларынан жыл сайын 40-45 мың тонна балық ауланады, жылына 500-700 тонна өндіріледі. Елге балықтардың мұхиттық түрлерінің шамамен 45-50 тоннаға жуығы әкелінеді.
«Балық өндірушілерді қолдау нәтижесінде бірқатар өңірлерде аквамәдениет саласындағы инвестициялық жобалар сәтті іске асырылуда. 2015 жылы 730 тонна тауарлық балық, негізінен тұқы және бақтақ өндірілген. Алдыңғы орынды Алматы облысы, ОҚО, ШҚО, Қарағанды алады», - деп атап өтті вице-министр.
Өз кезегінде, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Конуров журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, бүгінгі күні балық саласына мемлекеттік қолдау көрсету қажет екенін атап өтті. Елдегі нашар азық базасын да проблема деп атады.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды