- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 700-ден астам адам пробация органдарынан әлеуметтік-құқықтық көмек алды (ФОТО)
Қазақстанда 700-ден астам адам пробация органдарынан әлеуметтік-құқықтық көмек алды (ФОТО)
«Арнаулы қызметтер туралы заңға сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар қиын өмірлік жағдайдағы адамдар ретінде танылады. Егер адам зейнеткер болса немесе оның мүгедектігі бар болса, әлеуметтік қорғау жүйесінде осы адамдарды қолданыстағы медициналық-әлеуметтік ұйымдар арқылы оңалту моделі құрылған», - деді А. Табергенова.
Осылайша, ағымдағы жылғы сегіз ай ішінде пробация органдары медициналық-әлеуметтік ұйымдарға 394 адамды жіберген.
Сарапшы Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде бас бостандығынан айыру орындарының адамдары жұмысқа орналастыруда бірінші кезектегі құқығы бар нысаналы топ болып табылатынын атап өтті.
«Осы негіздердің барлығы қабылданып жатқан пробация және тиісті заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заңда көрініс тапты, оларды қабылдағаннан кейін пробация жүйесі анағұрлым тиімді болады, барлық мүдделі органдар тарапынан көрсетілетін қызметтер сапасы артады деп ойлаймыз», - деп қорытты А. Табергенова.
Еске сала кетейік, ҚР Ішкі істер министрлігі «Пробация туралы» және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын Ұлт жоспарының 33-қадамын орындау шеңберінде әзірлеген болатын. Заң жобаларының мақсаты – қылмыстық саясатты одан әрі ізгілендіру, оны әлемдік стандарттарға, соның ішінде кінәлі адамдарға қайта әлеуметтендіру әсерін арттыру арқылы жақындату.
Ботагөз Айтжанова
Фото Азамата Алиева
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі