- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Ауғанстан жөніндегі Брюссель конференциясына қатысты
Қазақстан Ауғанстан жөніндегі Брюссель конференциясына қатысты
70-тен астам ел және 30 халықаралық ұйымдардың жоғары деңгейдегі өкілдерін жинаған донорлық конференцияда ауған басшылығы елдің болашағы жөнінде өзінің көзқарасымен бөлісіп, жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндап берді. Конференцияға ресми Қабылдан Президент Ашраф Ғани және атқарушы биліктің басшысы Абдулла Абдулла қатысты.
Конференция Ауғанстан дамуының жаңа ұлттық шекті стратегиясы, экономика, құқық, мемлекеттік қаржылар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес салаларындағы реформалар негізіндегі жобаларға, сондай-ақ елде тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету жөніндегі саяси диалогқа және өңірдегі трансшекаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге халықаралық қолдаудың және оларды қаржыландырудың тиімділігін арттыруға жұмсалып жатқан бірлескен күш-жігерге шолу жасады.
«Қазақстан барлық халықаралық қауымдастықтар сияқты Ауғанстанның қауіпсіз және экономикалық тұрақты дамуын қолдайды», – деп атап өтті Е. Ыдырысов конференция барысында.
Оның айтуынша, көп азап шеккен осы елде бейбіт өмірдің қауіпсіздігі мен инфрақұрылымын нығайту бүкіл Орталық Азияның аумағына оң әсерін тигізетін болады.
Министр Астананың көрсетілген бағыттарда Қабылдың және халықаралық қауымдастықтың ұмтылыстарына саяси және практикалық көмек көрсетуін жалғастырып жатқанын еске салды. Атап айтқанда, 2013 жылы Қазақстан Ыстамбұл процесінің 3-ші министрлік конференциясын өткізді және Ауғанстанның қатысуымен өңірлік инфрақұрылымды дамытуға, соның ішінде трансшекаралық темір жолдар жүйесін кеңейтуге бағытталған бастамаларды, CASA-1000 жоғары вольтты электрэнергиясын жеткізу желісінің және Орталық Азия елдерінен оңтүстікке бағытталған құбыр желісінің (ТАПИ) жобаларын іргерлетуге жәрдем етеді.
Бұдан басқа, Қазақстан екіжақты және көпжақты форматта Ауғанстанға техникалық және гуманитарлық көмек көрсетуде.
«Жобалардың Ауғанстанда іске асуы Қазақстанда құрылып жатқан KAZAID Дамуға көмек және техникалық жәрдемдесу бойынша ресми көмек көрсету агенттігінің басым бағыттарының бірі ретінде қарастырылады», – деді Е. Ыдырысов.
Тамыз айында ҚР СІМ БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жапон агенттігімен (JICA) бірлесе отырып, Ауғанстандағы экономикалық тәуелсіздікті арттыру мен әйелдердің құқықтарын қорғауға ресми көмек көрсету жөніндегі қазақстандық бағдарламаның пилоттық жобасы іске қосылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылы бастамашылық еткен бір мың ауған жастары үшін білім гранттарын беру жөніндегі бағдарламасын іске асырып келеді. Қазіргі уақытта қазақстандық жоғары оқу орындарында және орта кәсіптік білім алу орындарында бейбіт мамандықтар бойынша 994 ауған студенттері білім алуда. «Ауған басшылығының өтініші бойынша, 2015 және 2016 жылдары қосымша ауған студенттері қабылданды (50 және 100 адам)», - деп хабарлады ҚР сыртқы саясат ведомствосының басшысы. «Біз осы бағдарламаның аясында 330-дан астам ауған Қазақстанда оқуын бітіріп, бүгін өз елін қалпына келтіру үшін ат салысып жатқанын мақтан тұтамыз».
Е. Ыдырысов ауған қауіпсіздік күштерін қолдауға бағытталған жобаларға Қазақстанның 2 млн. АҚШ долларын бөлгенін атай отыра, «Қазақстан Ауғанстанның проблемаларын өзара тиімділік негізінде шешуді қолдайды және өңірдегі тұрақтылықты нығайту мақсатында өңірлік және халықаралық әріптестерімен жұмысты жалғастыруға дайын екенін растайды», – деді. Сонымен қатар, министр Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарда мүшелік ету барысында Орталық Азиядағы проблемаларды шешуге, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайды одан әрі тұрақтандыруға ерекше назар аударуға ниетті екенін атап өтті.
СКО Бас директоры И. Боковамен екіжақты кездесулер өткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы