• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Бас прокуратурасы жоспарланбаған тексеріс жүргізуді қысқартуды ұсынды

ҚР Бас прокуратурасы жоспарланбаған тексеріс жүргізуді қысқартуды ұсынды

6 Қазан, 2016 10:46
ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында елдегі жоспарланбаған тексеріс жүргізуді қысқартуды ұсынды.

«Жоспарсыз тексеріс өткізуге ешқандай негіз жоқ. Оның ішінде тең жартысы  мына үндеулер бойынша:  тұтынушылардың арызы тек үштен бірді ғана құрады,  37 пайызы меморгандар бастамасы,  36 пайызы кәсіпкерлерге қатысы жоқ  тұлғалар болып табылады. Бұдан мемлекеттік бақылау  бизнеске кедергі жасау мен бәсекелестік мақсатында жүргізіліп отырғанын байқауға болады», - деді М.Ахметжванов.

Прокурордың  орынбасары айтқандай, меморгандар өздері ЖШС құрып, кәсіпкерлерді тексеру үшін әрекет етеді.

«Біз жоспарсыз тексерістерді қысқартуды ұсынамыз, үшінші тараптан келетін ұсыныстарды шектемекпіз. Ұсыныс  талқылауға жіберілді», - дед спикер.

 

Барлық жаңалықтар