Алматы облысының дарынды жастарына әкімнің жүлдесі табыс етілді

5 Желтоқсан, 2013 09:10
Алматы облысының дарынды жастары облыс әкімінің «Көшбасшы-2013» жүлдесімен марапатталды.

«Аймақ басшысы білімімен, талантымен және еңбегімен ерекше көзге түскен жастарды құттықтап, алдағы уақытта талай биікті бағындыруға тілек білдірді. Сондай-ақ ол шара барысында жақын күндері Оқушылар сарайы мен жастарға қызмет көрсету орталығы құрылысы басталатынын атап көрсетті. Биылғы жылы облыстық «Жас Отан» жастар қанаты атқарылған жұмыстар бойынша елімізде үздік бестікке кірген. «Жасыл ел» жасағы да алғашқылар қатарында», - делінген хабарламада. 

Облыс әкімі «Жас мемлекеттік қызметкер», «Жыл саясаткері», «Жыл таланты», «Жас кәсіпкер», «Жыл спортшысы», «Жас әскери қызметкер», «Жас ғалым», «Жас дәрігер», «Жас мұғалім», «Үздік студент», «Жас журналист» және де басқа да аталымдар бойынша ерекше көзге түскен жастарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті. 

 
 
 
 

Барлық жаңалықтар