- Басты
- Жаңалықтар
- 1 мыңнан астам ақтөбелік тұрғын әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша ҚР ДСӘДМ мамандарының кеңесін алды
1 мыңнан астам ақтөбелік тұрғын әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша ҚР ДСӘДМ мамандарының кеңесін алды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, акция барысында ауыл тұрғындарымен, оның ішінде аз қамтылған отбасының мүшелерімен, мүгедектермен, зейнет жасына келіп қалған әйелдермен және жалдамалы жұмыскерлермен 105 кездесу өткізілді.
«ҚР ДСӘДМ мамандарының көмегімен 3 азаматтың еңбек құқығы қорғалып, 3 адам түрақты жұмыспен қамтылды. Зейнет жасына келіп қалған 13 әйел адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысуға жолдама алып, 23 мүгедекке консультативті және протезді-ортопедиялық көмек көрсетілді”, - делінген хабарламада.
Бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылғы 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында «Әлеуметтік проблемаларды шешу» акциясының аясында Ақтөбе облысы Алға ауданының тұрғындарына 3,4 мыңнан астам медициналық тексеру жасалып, оның ішінде 1329 адам Астана және Алматы қалаларының ғылыми орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттары мамандарының кеңесін алды. Осы мақсатта аталған аймаққа республикалық ҰЗИ мен ҒО-ның балалар мен ересектер бағыты бойынша 20 жетекші маман жіберілген болатын.
Аталған акция Ақтөбе облысында 29 қазанға дейін жалғасады. Бір айдың ішінде ҚР ДСӘДМ мамандары аймақ тұрғындарына маңызды мәселелер бойынша әлеуметтік, медициналық және өзге де көмек көрсететін болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі