• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның фермерлеріне арналған бірыңғай портал АӨК дамуына тиімді қолдау көрсетеді - сарапшы (БЕЙНЕ)

Қазақстанның фермерлеріне арналған бірыңғай портал АӨК дамуына тиімді қолдау көрсетеді - сарапшы (БЕЙНЕ)

6 Қазан, 2016 09:32
Қазақстанның барлық фермерлеріне арналған бірыңғай портал еліміздің ауыл шаруашылығы саласының дамуына оң әсер етеді, деді профессор, ветеринария ғылымдарының докторы, Түмен университетінің кафедра меңгерушісі Анатолий Белобороденко Strategy2050.kz АА берген айрықша сұхбатында.

«Ресейде мұндай портал бұрыннан бар, бірнеше жыл, мұндай жаңалық тек фермерлерге ғана емес, сонымен қатар, мал шаруашылығымен айналысқысы келетін қарапайым адамға да пайдасын тигізетіні анық», - деді сарапшы.

АӨК субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тапсырманы іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық фермерлеріне арналған портал әзірлеу міндеті қойылғанын атап өтейік. Осы өнімнің ерекшелігі мен бірегейлігі осы порталдағы барлық фермерлердің білім, ақпарат, мемлекеттік қолдау тетіктерін, субсидия мәселелерін және т.б. алып қана қоймай, сонымен қатар, өздері үшін қажетті нәрсенің барлығын сату және сатып алу мүмкіндігінде.

«Біз осы бағытта тығыз қарым-қатынас жасауымыз тиіс, себебі осы портал пайда болғанға дейін көбі мал шаруашылығымен айналысса да, оларда қателіктері болған, осы портал мал шаруашылығын қалай дұрыс дамыту керектігін және басқаларын үйретеді», - деп қосты сарапшы. Портал 25 қазақстандық сарапшының және 25 шетелдік сарапшының блогтарын қамтитынын еске сала кетейік, енді фермерлерде 24 сағат бойы және аптасына 7 күн жоғары білікті мамандардан кеңес алу мүмкіндігі пайда болды. 

Индира Кауметова

Бейне: Азамат Әлиев 

Барлық жаңалықтар