Будапешт қаласында ҚР-ның Тәуелсіздік күні аталып өтті

5 Желтоқсан, 2013 09:00
Қазақсан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жылдығы қарсаңында Будапештте Венгриядағы ҚР Елшілігі салтанатты шара ұымдастырды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

«Шараға Венгрия Президенті Әкімшілігі басшылығы, Премьер-министр канцеляриясы, министрліктер мен ведомстволар, Ұлттық жиын Парламентариясы, өңір мен облыс басшылары, қоғамдық-саяси, мәдени және іскер орта өкілдері, дипломатиялық корпус, шығармашылық интеллигенция, БАҚ мен қазақ диаспорасы қатысты», - делінген хабарламада.

Венгриялық аудиторияға «Қазақстандық венгрлерге» атты фильм көрсетілді. Сонымен қатар, тақырыптық фотокөрме мен еліміз туралы мағлұматтар ұсынылды.

 

Барлық жаңалықтар