- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев британ парламентшілерімен кездесті
Қ.Тоқаев британ парламентшілерімен кездесті
Қауымдар палатасының депутаты Гизель Стюарт басқаратын бұл топқа Парламенттің қос палатасындағы түрлі саяси партиялардың мүшелері, сондай-ақ тәуелсіз депутаттар енеді. Қ.Тоқаев екі елдің жан-жақты өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал ететін Британия Парламентіндегі депутаттық топтың қызметін қолдайтыны жайында айтты. Меймандардың өтініші бойынша Төраға Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған институттық реформаларды іске асыру барысы, сондай-ақ еліміздің саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлі туралы әңгімеледі.
Төраға реформалар кәсіби және дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, индустрияландыру мен экономикалық өркендеуге, ұлт тұтастығын нығайтуға, сондай-ақ транспарентті және есеп беретін мемлекетті дамытуға бағытталғаны туралы хабардар етті. Екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтары туралы айтқанда Қ.Тоқаев Қазақстан Президентінің өткен жылғы қарашада Лондонға ресми сапары барысында қол жеткен уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Сенат басшысы Ұлыбританияның Еуропалық Одағынан шығу үдерісі туралы өз пікірін білдірді.
«Еуроодақ біз үшін – ірі сауда-экономикалық әріптес, ал Ұлыбритания Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының бірі. Біз Лондон мен Брюссель тезірек оңтайлы шешімге келуіне және сауда-экономикалық дамудың мейлінше қолайлы шарттарын даярлауына мүдделіміз», - деп атап өтті Қ.Тоқаев. Британ Парламентінің депутаттары Қазақстанның қазіргі замандағы дамуына, Президент Н.Назарбаевтың реформалар бағдарламасына және Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарына оң пікір білдірді, сондай-ақ Қазақстан мен Британияның парламенттік үнқатысуын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
-
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
COVID-19: Ұлыбритания, Чехия және Польша шектеу шараларын жеңілдетті, ал Болгарияда ТЖ режимі ұзартылмақ -
COVID-19: Кипр екпе алғандарға «есігін» ашты, ЕО AstraZeneca-дан бас тартты, Британия карантин шараларын жеңілдетті -
COVID-19: Британиялық оқушылар жазда сабақ оқуы мүмкін, ал Чехия, Финляндия елдері ТЖ режимін ұзартпақ -
COVID-19: Италияда "Спутник V" жоғары бағаланды, Британияда коронавирустың жаңа вариациясы табылды -
COVID-19: Ұлыбританияда екпе алғандар саны 15 млн-ға жетті, ал Чехия, Жаңа Зеландия ТЖ режимін ұзартты -
Коронавирустың «британдық» штамының белгілері қандай -
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
COVID-19: Ұлыбританияда қайтадан локдаун, Токио төтенше жағдай жарияламақ -
COVID-19:Ұлыбритания келесі аптада вакцинациялауды бастайды, ал Макрон мен Меркель Еуропа елдерін бірыңғай саясат ұстануға шақырды -
Әлемдегі эпиджайғдай: Ұлыбритания төрт апталық локдаун енгізді, Чехия мен Францияда карантин шаралары күшейді -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Шет мемлекеттер карантин шараларын күшейтуде. Қазақстан да қатаң режимдегі карантин енгізуі мүмкін