Оқушыларға 1300 спорт залын салу қажет – БҒМ

5 Қазан, 2016 13:17
Қазақстандық оқушылардың 27 пайызы спорт секцияларымен қамтылған, деді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысында.

«Спорт секциялары мен аула клубтарының саны жеткіліксіз. Қазіргі таңда республикада  9 мың спорт алаңы бар. Қазақстандық оқушылардың 27 пайызы спорт секцияларымен қамтылған. Егер Ресеймен салыстырсақ,  82 пайызды қамтып отырмыз», - деді министр.

Ол спорт  инфрақұрылымын бұқаралық әдіспен дамытуды ұсынды.

«Оқушыларға 1300 спорт залын салу қажет. Бұл мәселе депутаттар қарауында, біз қажетті  қаржыландыру бойынша құжат енгіземіз», - деді министр.

Барлық жаңалықтар