• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтерге жалақыны көтеру қажет - Сағадиев

Мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтерге жалақыны көтеру қажет - Сағадиев

5 Қазан, 2016 13:12
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР Үкіметінің отырысында мектеп психологтарына және әлеуметтік педагогтерге жалақыны көтеру қажеттілігі туралы мәселені көтерді. Оның айтуы бойынша, бұл олардың жиі ауысуының себебі болып табылады.

 «Психологтар мен әлеуметтік педагогтердің төмен жалақысына байланысты, олардың жиі ауысуы байқалады. Қазіргі уақытта мектептердің психологтармен қамтамасыз етілуі орта есеппен 97%-ды, әлеуметтік педагогтермен қамтамасыз етілуі 80%-ды құрайды. Жалпы психологтар бар, бірақ жалақы мөлшерін қарастыру қажет. Осыған орай, біз тиісті ұсыныс дайындап жатырмыз және оны енгіземіз», - деді Е. Сағадиев.

Оның айтуы бойынша, психологтарды даярлаудың бірыңғай заманауи әдіснамасы қажет.

«Қазіргі уақытта ЮНИСЕФ балалар қорымен бірлесіп, ғылыми негізде арнайы бағдарлама әзірленген. Шығыс Қазақстан облысында сынақтан өткізілді, ағымдағы жылдан бастап еліміздің тағы 6 өңірінде (Алматы, Ақтөбе, ШҚО, Қызылорда, Маңғыстау, ОҚО) енгізіледі», - деп ақпараттандырды Е. Сағадиев.

Сондай-ақ ол қамтамасыз етілуі 46%-ды ғана құрайтын мектеп полиция инспекторларының жетіспеушілігін де атап өтті.

«Бір инспектор бірнеше мектепке бекітілсе де жақсы болар еді. Егер олар осы мектептерге барып, Білім министрлігіне есеп беріп отырса. Бұл мәселені біз ҚР ІІМ-мен бірлесіп шешеміз», - деп сөз берді министр.

Барлық жаңалықтар