- Басты
- Жаңалықтар
- Тараздағы көрмеде көне жәдігерлер таныстырылады
Тараздағы көрмеде көне жәдігерлер таныстырылады
Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына және Қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихына, өткеніне, дәстүріне, мәдениетіне және мұрасына құрметпен қарауға бағытталған.
Мақсат- өңіріміздің мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау, еліміздің тарихын таныту.
Шараның салтанатты ашылуында домбыра оркестрлерінің 110 домбырашының қатысуымен Құрманғазы күйлерін орындаудан «Күй шеруі» музыкалық флешмобы ұйымдастырылады.
«Ғажайыптар алаңында» облыстық орыс және қазақ драма театрларының артистері фейс-арт ұйымдастырып, ертегі кейіпкерлері ертегі әлеміне саяхат жасайды.
Қала тұрғындарының назарына облыс архивтері қорынан жасақталатын «Мұрағат – тарихи қазына» жәдігерлер көрмесі ұсынылады. Көрмеден Тәуелсіздік пен Қазақ хандығы туралы құжаттардың көшірмелері, фотоальбомдар мен тарихи кітаптар қойылады.
Келушілер арасында «Ән-көңілдің ажары» караоке – ән айту сайысын өткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, қала қонақтары мен тұрғындары «Ақындар ауылында» өтетін айтысты тамашалай алады.
Ашық аспан астындағы «Кино әлемі» алаңында Қазақфильмнің «Алтын қорынан» үздік деректі, көркем фильмдер көрсетіліп, Елбасының өмірі мен еңбек жолы туралы түсірілген қазіргі киноматографтардың туындылары көрермендерге ұсынылады. «Ұлы дала ойындары» алаңда қазақтың ұлттық ойындары асық ату, қазақша күрес ұйымдастырады.
Облыстық тарихи-өлкетану музейі «Саусағынан өнер тамған шеберлер» қолөнерші, суретшілер көрмесін ұйымдастырады. Көрмеде Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшелерінің туындылары қойылып, суретшілер келушілердің портреттерін салады.
«Өнер алаңында» облыстық филармониясы әртістері келушілерге мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынады.
-
Абай күні: Абай саябағы мен Құнанбай музейі қашан пайдалануға беріледі/ Музейге қандай жәдігерлер қойылады -
Б. Сапарбаев Тараздағы құрылыс кәсіпорындарының жұмысымен танысты -
Затаевичтің құнды жәдігерлерінің тұсаукесері болды -
Астанадағы көрмеде қазіргі заманғы технологиялар мен техникалар таныстырылды (ФОТОРЕПОРТАЖ) -
Теміртаудағы көрмеде 270 экспонат таныстырылды -
ШҚО көне әндер энциклопедиясы жарық көреді -
Астанада өткен фотокөрмеде Кореяның қалыптасуы таныстырылды (ФОТО) -
Көне Бозық қалашығы орнында ашық сабақ өткізілді -
Елбасы «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығындағы Достық үйіне барды -
Қазақстан Өзбекстандағы көрмеде eGov жобаларын ұсынды -
Астанада үздік деп танылған 20 әлеуметтік жоба таныстырылады -
Ұлттық музей жаңа жәдігерлермен толығады -
ШҚО-да көне мектептің музейі ашылды -
«Көне Тараз – Астана» этнографиялық керуені Елордаға келеді -
«Қазақстанның сакралды картасының» алғашқы данасы қыркүйекте таныстырылады