• Басты
  • Жаңалықтар
  • Екібастұздағы электр станциясы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тапсырылады

Екібастұздағы электр станциясы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тапсырылады

5 Қазан, 2016 12:01
Екібастұз – Шүлбі электр станциясының құрылысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай алдын ала тапсырылады, деді Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

Бірыңғай  электр энергетика операторы KEGOC компаниясы  «Нұрлы жол» аясында  Екібастұз-Шүлбі  электр станциясының құрылысын аяқтайды.

«Аталмыш жоба  жүзеге асырылып жатыр, біз Тәуелсіздің 25 жылдығымен тұспа тұс келуі үшін  құрылысты жеделдетуді жоспарлап отырмыз, сондықтан бөлінген қаржы  игеріледі», - деді ол.

2016 жылы «Самұрық-Қазына» «Нұрлы жол» бағдарламасын қаржыландыруға  143 млрд теңге бөлді.

«46,5 млрд теңгеге  үш жоба жүзеге асырылып жатыр. Бірінші – Шу-Алматы темір жолы, оның құны  19 млрд теңге. Биыл 106 км темір жол пайдалануға беріледі. Екінші жоба – Құрық паром кешені. Үшінші жоба – Атырау мүнай химия кешенінің инфрақұрылымы», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар