• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жолдағы қызмет көрсету әлемдік стандарттарға сай болуы керек – Сағынтаев

Жолдағы қызмет көрсету әлемдік стандарттарға сай болуы керек – Сағынтаев

5 Қазан, 2016 11:23
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағдарламасының жолдарындағы қызмет көрсету еуропалық стандарттарға сай болуы керек, деді Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев.

« Біз «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»  жолының  құрылысын бастаған кезде  жолдағы қызмет көрсетуді еуропалық стандартқа сай ету туралы айттық. Бұл ШОБ-ті қолдау: кәсіпкерлер сату және дайындау жұмыстарымен айналысады, бұл салада да артта қалушылық байқалып отыр. Инвестициялар және даму министрлігі  бақылауға алатын болады. «ҚазАвтоЖол» бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр», - деді Үкімет басшысы.

Қазақстанда ШОБ-ті дамыту бойынша Бақытжан Сағынтаев өңірлерде ифрақұрылым өткізу маңыздылыған назар аударып, облыс әкімдеріне  қаражатты игеру бойынша тиісті шара қабылдауды тапсырды.

 

Барлық жаңалықтар