• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасын мақұлдады

5 Қазан, 2016 11:18
ҚР Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын бірінші оқылуында мақұлдады.

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев депутаттарды заң жобасымен таныстыра отырып, заң жобасының азаматтық заңнаманы дамытуға және Азаматтық кодекс рөлін одан әрі нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

«Заң жобасында тауарлық-ақша қатынастары үшін маңызды мәні бар бірқатар мәселелерді реттеу ұсынылады, атап айтқанда, келесі тәсілдер көзделген. Біріншіден, азаматтық құқықтық қарым-қатынас қатысушыларының диспозияциялығы мен адалдығы қағидаттарының әрекетін күшейту. Заң жобасы шеңберінде көпшілік мүдделерімен байланысты емес АК императивтік нормалары қайта қаралып, диспозициялық нормаларға өзгертілген. Сондай-ақ, егер сатып алу мерзімінің ескіруіне байланысты мүлік құқығын алу кезінде мүлік иесі мүлікке заңды әрекеттер нәтижесінде ие болғанын дәлелдесе, ол адал иеленуші болып саналатыны көзделген. Екіншіден, азаматтық заңнаманың заңды тұлғалар туралы нормаларын жетілдіру», - деп хабарлады ол.

Министрдің айтуы бойынша, осы мақсаттарда заң жобасында заңды тұлғаларға басқа оқшауланған құрылымдық бөлімшелер құру мүмкіндігін беру ұсынылады, бұл бизнесті жүргізу үшін әкімшілік кедергілерді жою бөлігіндегі қосымша шара болады. 

Барлық жаңалықтар