• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев 1 желтоқсанға дейін құқықбұзушылық бойынша алдын алу жоспарын әзірлеуді тапсырды

Б.Сағынтаев 1 желтоқсанға дейін құқықбұзушылық бойынша алдын алу жоспарын әзірлеуді тапсырды

5 Қазан, 2016 11:13
Үкімет отырысында Премьер-Министр Б.Сағынтаев 1 желтоқсанға дейін құқықбұзушылық бойынша алдын алу жоспарын әзірлеуді тапсырды.

«ҚР ІІМ-ге барлық мемлекеттік және жергілікті органдармен бірлесіп  биылғы  1 желтоқсанға дейін  алдағы 3 жыл  бойынша құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кешендік жобаны Үкіметке тапсыруын сұраймын», - деді Б.Сағынтаев.

Үкімет басшысы атап өткендей, осы бағытта жұмысты күшейту қажеттігін айтты.

Премьер-Министр әкімдерге Ұлт жоспары «100 нақты қадам»  бойынша жергілікті полиция мен полиция қызметін нығайтуды тапсырды.

«Бейнебақылаулардың санын көбейтіп,  «Қауіпсіз қала», «Қауіпсіз алаң», «Қауіпсіз мектеп» бойынша зияткерлік жүйені қолға алу керек», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар