Жыл басынан бері «Даму» қоры ШОБ-тің 215 жобасын қолдады

5 Қазан, 2016 11:03
«Даму» қоры бойынша 2016 жылдың 8 айында 215 жоба қаржылай қолдауға ие болды, деді «Бәйтерек» Ұлттық атқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова Үкімет отырысында.

«2014 жылдан бастап «Нұрлы жол» аясында  Ұлттық қор  кәсіпкерлік субъектілерді қолдау үшін  545 млрд теңге бөлді. ШОБ-ті қаржыландыру бойынша «Даму» қоры өңдеу өнеркәсібі саласында  200 млрд теңге бөлді», - деді Л.Ибрагимова.

Оның айтуынша, несиелерді беру бойынша аталмыш сома  292,9 млрд теңгені құрады.

«1476 компания  6 пайыздық жылдық ресурсына ие болды,  ай сайын орта есеппен алғанда ол 2,8 млрд теңге алдындағы борышкерлер есебінен жабылады. 2015 жылы  758 кәсіпкер,  2016 жылдың  8 айында  215 жоба аталмыш бағдарлама аясында қолдауға ие болды.  Азық-түлік кәсіпорындары  көш бастап отыр.  8 ай ішінде  15 млрд теңге салық тленді», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар