• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕХӘҚМ Маңғыстау облысында «ЖҚЖК-2020» бағдарламасының орындалуындағы кемшіліктерді анықтады

ЕХӘҚМ Маңғыстау облысында «ЖҚЖК-2020» бағдарламасының орындалуындағы кемшіліктерді анықтады

4 Желтоқсан, 2013 18:12
Маңғыстау облысына барған жұмыс сапарында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының орындалуындағы кемшіліктерді анықтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Министр Тамара Дүйсенова «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының орындалу барысымен танысты. Министрдің айтуынша, қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, көптеген кемшіліктер де жоқ емес. Облыс тұрғындары арасында бағдарламаны таныстыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әлсіздігі, соның ішінде жастар мен әлеуметтік аз қамтамасыз етілген халыққа жеткілікті дәрежеде маңлұматтың берілмеуі, жұмыспен қамту орталықтарының қызметіне жергілікті әкімдіктер тарапынан мониторингтік жүргізілмеуі және басқалар», - делінген хабарламада.

Бағдарламаның іске асырыла бастаған уақытында 2011 жылы өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 5,8 пайыздан 5,5 пайызға төмендеді. Ал әлеуметтік аз қамтылған азаматтардың саны 2,3 есеге дейін азайған.

2011-2013 жылдары бағдарламаны іске асыру үшін 5,6 млрд теңге бөлініп, соның 2011-2012 жылдары 2,12 млрд теңгесі игерілген. Ал биыл 3,5 млрд теңгені игеру жоспарланып отыр. 2013 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша, жылдың жоспардың 69,2 пайызы, яғни 2,4 млрд теңге игерілген. Бағдарламаны қолға алған уақыттан бері мемлекттік қолдауға 8750 адам қол жеткізген. Ал 2337 адам мамандық игеріп шыққан. Бағдарлама аясында 5827 адам жұмысқа орналасып, соның ішінде 2371-і тұрақты жұмысқа қабылданған. Бұдан бөлек, 303 адам шағын несиелі болды. Бұл қосымша 165 жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік берді.

Айта кету керек, мемлекет тарапынан уақытша жұмыспен қамтылған 2,2 мың адам бар. Сонымен қатар аталмыш бағдарлама бойынша 9 тұрғын үйді салу жоспарланды.

 

Барлық жаңалықтар