• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев қазақстандық автожолдардағы ірі ЖКО-лардың себебін анықтауды тапсырды

Б.Сағынтаев қазақстандық автожолдардағы ірі ЖКО-лардың себебін анықтауды тапсырды

5 Қазан, 2016 10:54
Үкімет отырысында Премьер – Министр Б.Сағынтаев қазақстандық автожолдардағы ірі ЖКО-лардың себебін анықтауды тапсырды.

«Осы қыркүйек айында 3 күн ішінде ОҚО-ның бір ғана учаскесінде  12 адам көз жұмып  19-ы  жарақаттанды. Егер жол апаттарының саны жиілесе, барлығын қайта қарау керек», - деді Б.Сағынтаев

Үкімет басшысы ІІМ мен ИДМ-ге әкімдермен бірігіп ірі ЖКО себептерін анықтауды және республикалық,  жергілікті аса қауіпті учаскелерді анықтауды тапсырды.

«Автожолдрда осы сынды оқиғаларды азайту үшін шаралар қабылдау керек», - деді Премьер-Министр.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар