• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық қор мен БЖЗҚ-ның 45 млрд теңге қаражаты 145 млрд теңгенің жылдық экспортын қамтамасыз етеді

Ұлттық қор мен БЖЗҚ-ның 45 млрд теңге қаражаты 145 млрд теңгенің жылдық экспортын қамтамасыз етеді

5 Қазан, 2016 10:41
Ұлттық қор мен БЖЗҚ-ның 45 млрд теңге қаражаты 145 млрд теңгенің жылдық экспортын қамтамасыз етеді, деді Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

« «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ  бойынша экспорт алдындағы және экспорттық қаржыландыруды ынталандыру үшін  18 млрд теңгенің  7 жобасы мақұлданды, оның ішінде  3 жоба  4,6 млрд теңгеге қаржыландырылды. Сондай-ақ,  қосымша қарауда  22,4 млрд теңгенің 9 жобасы бар. Бұл қаражат кәсіпорындарды экспорт алдындағы қаржыландыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді министр.

Министр айтып өткендей,  Ұлттық қор мен БЖЗҚ-ның  45 млрд теңге   қаражаты 145 млрд теңгенің  жылдық экспортын қамтамасыз етеді. Бұл қаражат  32,5 мың жұмыс орны бар  17 кәсіпорынды  қолдауға мүмкіндік береді. Аталмыш қаржы жыл соңына дейін толық игеріледі.  

 

 

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар