ЭКСПО-2017 көрмесінде 9 мың ІІМ қызметкері қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

5 Қазан, 2016 10:37
ЭКСПО-2017 көрмесінде 9 мың ІІМ қызметкері қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, деді Үкімет отырысында ІІМ министрі Қалмұханбет Қасымов.

«Келесі жылы Астана мен Алматы қалаларында өтетін ЭКСПО мен Бүкіләлемдік Универсиадаға құқық қорғаушыларды көптеп тарту жоспарланған. Көрмеде 9 мың сақшы мен әскери адам қызмет етсе, Универсиаданың қауіпсіздігін 5,5 мың құқық қорғаушы қамтамасыз етпек», - деді Қ.Қасымов.

«Келесі жылы ауқымды шараларда  – ЭКСПО-2017 және Универсиада-2017-де қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек. Қызметкерлерге ағылшын тілін меңгеру курстары ұйымдастырылды. Арнайы дайындық бойынша курстардан өтуде», - деді ол.

Министрдің айтуынша, нысандарда бақылау және өзге шаралар жүргізілуде.

«Нысандарға өту рұқсаты бар, шараларды қарау мен өзге жұмыстарды қадағалау жүзеге асырылып жатыр», - деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар