• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т. Дүйсенова бұрынғы сотталғандарды қайта әлеуметтендіру модельдері туралы айтты

Т. Дүйсенова бұрынғы сотталғандарды қайта әлеуметтендіру модельдері туралы айтты

5 Қазан, 2016 10:34
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамар Дүйсенова Үкімет отырысының барысында бұрынғы сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің үш моделімен таныстырды.

Министр «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар қиын өмірлік жағдайдағылар деп танылатынын, бұл әлеуметтік қорғау органдары ұйымдастыратын оларды әлеуметтендіру бойынша іс-шаралар жүргізуді талап ететінін атап өтті.

«Егер адам жалғыз басты зейнеткер немесе мүгедек болса, онда ол жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектер үйіне жіберіледі. Егер өткен жылы осы ұйымдардағы бұл қызметтерді 206 адам алса, ағымдағы жылғы 8 ай ішінде осы ұйымдарда анықтау қызметі жіберген 26 адам тұрған. Адамның өмір сүру жағдайы, тұрғылықты жері болмаған жағдайда, оған белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарында тұру ұсынылады. Жыл басынан бастап жұмыс істеп тұрған 25 орталықта анықтау қызметінің жолдамасы бойынша 394 адам тұрған», - деді Т. Дүйсенова.

Бұл орталықтар қиын өмірлік жағдайда қалған адамдарды қолдау орны болып қана қоймай, сонымен қатар, бұрынғы сотталғандарды үш негізгі модель бойынша қайта әлеуметтендіру бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.

Барлық жаңалықтар