• Басты
  • Жаңалықтар
  • Украина «Болашақ» бағдарламасы университеттерінің тізіміне 10 украиналық техникалық ЖОО-ын қосуды ұсынды

Украина «Болашақ» бағдарламасы университеттерінің тізіміне 10 украиналық техникалық ЖОО-ын қосуды ұсынды

4 Желтоқсан, 2013 17:51
Бүгін Астанада ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің ҚР-дағы дипломатиялық миссия өкілдерімен кездесуі барысында Украина елшілігінің Қазақстандағы кеңесші-елшісі Петр Токарь «Болашақ» бағдараламасының университеттері тізіміне 10 украиндық ЖОО-ын енгізу туралы ұсынысын айтты.

«Сіздердің «Болашақ» бағдараламасымен шет елге оқуға аттанатын студенттеріңізді оқытатын университеттерінің қатарына кемінде біздің 10 техникалық ЖОО-ын қосуға келісім берсеңіздер шын ризашылық танытар едік», - деді П.Токарь еліміздің бас ұстазына қарата отырып.

Сонымен қатар, украиндық елші Назарбаев Университетіне де Украинадан грант бойынша оықыту мүмкіндіктерін ашуды ұсынды.

Айта кету керек, Қазақстандағы академиялық мобилизация аясында Украинадан жылына 40 студент келіп білім алады.

Ал Украинада қазіргі таңда 600 жерлесіміз білім алып жатыр.

Сөз соңында Петр Токарь ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповты Украинаға шақырды. Оның ойынша екі ел өзара білім беру саласында әріптестік құрулары керек.

Өз кезегінде Қазақстанның Бас ұстазы украиналық студенттерді Назарбаев университетінде оқыту және Украинаның 10 университетін «Болашақ» бағдарламасының университеттері тізіміне енгізу ұсыныстарының министрлік тарапынан қаралатынын айтты.

Барлық жаңалықтар