• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТКШ инженерлік желілерінің ескіру деңгейі 63 пайызға дейін төмендетілді – Бишімбаев

ТКШ инженерлік желілерінің ескіру деңгейі 63 пайызға дейін төмендетілді – Бишімбаев

5 Қазан, 2016 09:58
ТКШ инженерлік желілерінің ескіру деңгейі 63 пайызға дейін төмендетілді, деді Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

«ТКШ жаңғыртуын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері  жылу және сумен қамту жүйелерінің ескіру деңгейін түсіру болып табылады,  2014 жылы  67 пайыздан 2020 жылы  53 пайызға жеткізу және тұтынушыларға ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту қарастырылған. Бұл мақсаттарға  2015 жылы  60 млрд теңге,  2016 жылы  90 млрд теңге қарастырылған,  75 млрд теңге бюджеттік несиелеуге, 15 млрд теңге табиғи монополиялар субъектілерінің шығынын субсидиялауға бағытталды», - деді Қ.Бишімбаев.

Министрдің айтуынша, 2015 жылы  385,3 км желі қайта жөнделіп, 170 км жылумен қамту желісі болса, 213 км су жіберу  құбырлары.

«2016 жылы  жоспарлық көрсеткіш  65 пайызды құрайды.  Инженерлік желілердің ескіру деңгейі 63 пайызға дейін төмендеді. Сондай-ақ,  аталмыш бағыт  бойынша   ЖФО  жобалары жүзеге асырылып жатыр», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар