- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысының 3,4 мыңнан астам тұрғыны «Әлеуметтік проблемаларды шешу» акциясы аясында медициналық тексеруден өтті
Ақтөбе облысының 3,4 мыңнан астам тұрғыны «Әлеуметтік проблемаларды шешу» акциясы аясында медициналық тексеруден өтті

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, медициналық тексеру нәтижесі бойынша 45 пациент (11 бала) мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін республикалық орталықтарға жіберілді.
Сонымен бірге, облыстық орталықтардың жетекші мамандары 1132 мектеп оқушысын профилактикалық тексеруден өткізіп, оның 17-сін сауықтыруға жіберді.
«Денсаулық» медициналық пойызы қозғалысының аясында ҚР ІІМ ТЖК «Теміржол апаттық медицина госпиталі» АҚ дәрігерлері 1030 адамды тексеріп, оның ішінде 140 азаматты диспансерлік есепке алды.
Тұрғындар арасында амбулаторлық-емханалық көмек көрсету, дәрілермен қамтамасыз ету, туберкулездің алдын алу және т.б. мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Алға ауданы медициналық ұйым қызметкерлері үшін республикалық орталық мамандары алғашқы медициналық-санитарлық көмек аясында медициналық қызметтердің сапасын жетілдіру мәселелері, сонымен қатар, 5 ауру (миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру) бойынша медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі қағидалары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ «Әлеуметтік проблемаларды шешу» акциясын өткізу үшін Ақтөбе облысына республикалық ҰЗИ мен ҰО-ның балалар мен ересектер бағыты бойынша 20 жетекші маман жіберілген болатын. Акция аймақ тұрғындарына мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға негізделген. Ағымдағы жылғы 29 қазанға дейін республикалық емхана дәрігерлері облыстың 5 ауданында медициналық тексерулер мен консультациялар өткізеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды
-
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері
-
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі
-
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары
-
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті

