• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚазҒЗИ-нің жаңа онкология мен радиология қондырғылары қатерлі ісіктің молекулярлық диагностикасын өткізуге мүмкіндік береді

ҚазҒЗИ-нің жаңа онкология мен радиология қондырғылары қатерлі ісіктің молекулярлық диагностикасын өткізуге мүмкіндік береді

4 Желтоқсан, 2013 17:49
Қазақ ғылыми-зерттеу онколгия және радиология институты теңдессіз Cobas z480 диагностикалық кешенінің арқасында Қазақстанда молекулярлық-генетикалық зерттеу өткізу мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр.

 Ісіктің молекулярлы диагностикасы – медицинадағы жаңа бағыт. Онда геннің ерекшеліктеріне тәуелділігіне байланысты пациентке жеке ем көрсетуде дәрігерге көмек береді.

«Жаңа диагностикалық жүйе қатерлі ісік ұлпасының мутациялайтын генін анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде ем қабылдаудың тиімділігін айтарлықтай өсіріп, онкологиялық науқасқа жеке ем көрсетуге жағдай жасайды», - дейді ҚазҒЗИ директоры Қуаныш Нұрғазиев.

Айта кету керек, Қазақстанда жыл сайын 30 мыңнан астам адам ісіктің әр түрі бойынша сырқатқа шалдығады. Бұл сырқат түрлері елімізде өлімге себеп болу жағынан да екінші орында тұрғаны анық.

Естеріңізге сала кетейік, онкология мен радиология ҚазақҒЗИ Қазақстан Республикасы бойынша онколгиялық науқастарға ем көрсету жағынан үздік мекеме болып табылады. Сонымен қатар осы сала мамандарын даярлау жағынан да өзгелерден көш ілгері. Институтта 5 клиникалық кеңес қызмет етеді: хирургия, радиология, химиотерапия, диагностика мен медбикелік орталық.

 

Барлық жаңалықтар