- Басты
- Жаңалықтар
- Көліктік сала Қазақстан мен Ресей экономикалары өсімінің қозғаушы күшіне айналады – Назарбаев
Көліктік сала Қазақстан мен Ресей экономикалары өсімінің қозғаушы күшіне айналады – Назарбаев
«Күн тәртібіне біз көлік және логистика мәселесін шығардық. Біздің елдеріміздің ерекшелігі аймақтық және Еуропа мен Азия арасында орналасу сынды географиялық ерекшелік болып табылады. Бұл ерекшеліктерді нақты басымдылықтарға айналдыру қажет. Атап айтсақ, Қазақстан мен Ресейде транзиттік тасымалдау саласында әлеуеті жоғары, Азия мен Еуропа арасындағы 22 млн контейнердің ішінде 10 мың немесе 0,1 пайыздық үлес біздің елдерге тиесілі. Бұл салада біз бәсекелес емес, стратегиялық серіктеспіз. Көліктік логистикалық саланы бірлесіп дамыту қажет. Көлік саласы екі ел экономикасының қозғаушы күшіне айналуы керек», - деді Н.Назарбаев.
Елбасының айтуынша, бүгінде ЕАЭО Ұлы Жібек Жолын жаңғыртудың басты негізі болып табылады.
«Оның бойындағы елдермен біз тиімді сауда – экономикалық қарым-қатынас құруымыз керек. 2014 жылы бірлескен көліктік-логистикалық кампания құрылды. Нәтижесінде контейнерлік тасымалдардың көлемі Қытай-Еуропа – Қытай бағытында жыл сайын екі есеге өсіп отырады. Бұл бағыт Қазақстан, Ресей арқылы өтеді. Контейнерлік тасымалдаудың жылдамдығы тәулігіне 1 мың км құрады. Ол бұрынғыдан 200 км көп», - деді ҚР Президенті.
Айта кетейік, Астанада Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумы өтуде. Форумға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысып жатыр.Форум аясында іскерлік кеңес өтіп, жалпы құны 25 млрд долларлық келісімдерге қол қойылады. Басқосуға Forbes және Global-2000 тізімдеріне енетін ірі компаниялардың жетекшілері шақырылған. Жалпы, қазір екі ел капиталының қатысуымен 6 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары