• Басты
  • Жаңалықтар
  • РФ Президенті: Қазақстан ТМД елдері арасындағы Ресейдің екінші сауда серіктесі болып табылады

РФ Президенті: Қазақстан ТМД елдері арасындағы Ресейдің екінші сауда серіктесі болып табылады

4 Қазан, 2016 16:19
Қазақстан ТМД елдері арасындағы Ресейдің сауда әріптестері ішінде екінші орын алады. Қазақстанда бүгінде 9 млрд. доллар ресейлік капитал жинақталған. Бұл туралы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумы барысында хабарлады.

«Қазақстанда бүгінде 9 млрд. доллар ресейлік капитал жинақталған,  ал Ресейге Қазақстаннан 3 млрд. доллар салынған», - деп мәлімдеді Ресей Президенті.

В. Путиннің айтуы бойынша, бірлесіп, 6 мың кәсіпорын құрылған, экономиканың барлық секторларында кооперация тереңдетілуде.

«Өткен жылдың өзінде ғана Қазақстанға ресейлік кәсіпорындардың 150-ге жуық делегациясы сапармен келген болатын. Қазақстан Ресейдің ТМД елдері арасындағы сауда әріптестері ішінде екінші орын алады, бұл алда әлі де ілгері жылжуға болатынын білдіреді», - деп атап өтті В. Путин.

2015 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 15,5 млрд. долларды құрағанын айта кетейік.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар