- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ресей Еуропа мен Азия арасында қуатты логистикалық инфрақұрылым құрады – Назарбаев
Қазақстан мен Ресей Еуропа мен Азия арасында қуатты логистикалық инфрақұрылым құрады – Назарбаев
4 Қазан, 2016 16:11
Қазақстан мен Ресей Еуропа мен Азия арасында қуатты логистикалық инфрақұрылым құрады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Қазақстан арасындағы XIII өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында айтты.
«Біз өз аймағымызда шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке шығатын көліктік дәлізді қалыптастырдық. Қазақстан арқылы Қытайдан Ресейге және Каспий теңізі мен Қырым арқылы Түркияға және Еуропаға шығатын жаңа бағыттар жүк тасымалдауды дәстүрлі теңіз жолдарына қарағанда 2 есеге қысқартады», - деді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Ресейден Таяу Шығысқа шығатын бағыттарды атап өтті.
«Ресейге Қазақстан, Түрікменстан, Парсы шығанағы арқылы көлікті ауыстырмай темір жол арқылы Таяу Шығысқа апаратын жаңа бағыт ашылды. Сібір, Оралдан Таяу Шығысқа жүк тасымалдау төрт тәулікке қысқаратын болды, бұрын мұндай мүмкіндік болмаған еді», - деді ҚР Президенті.
Ботагөз Айтжанова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды