- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік кәсіпкерлерді АХҚО жұмысына қатысуға шақырды
Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік кәсіпкерлерді АХҚО жұмысына қатысуға шақырды
4 Қазан, 2016 16:07
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік бизнесті Астананың халықаралық қаржы орталығының жұмысына белсенді қатысуға шақырды. Мемлекет басшысы «Еуразиялық кеңістіктің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту» тақырыбына өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының ХІІІ форумында осындай ұсыныс айтты.
«2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Астананың халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастайды. Бұл орталық бүгінгі ЭКСПО-2017 ғимаратының аумағын алады», - деп хабарлады Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті Астананың халықаралық қаржы орталығында инвесторлар үшін көптеген жеңілдіктер, тіпті корпоративтік жеке табыс салығын, жер және мүлік салықтарын төлеуден босатуға дейін жеңілдіктер көзделетінін атап өтті.
«Құқықтық реттеу ағылшын сот корпусын тарта отырып, ағылшын құқықтарының нормаларына негізделеді. Қаржы орталығында оңайлатылған визалық және еңбек режимі жұмыс істейді. Ресейлік бизнесті қаржы орталығының жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз», - деп түйіндеді Н. Назарбаев.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
АХҚО-ның Қазақстан экономикасына инвестиция тартудағы рөлі -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады