• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда «Инновациялық конвент» байқауының жеңімпаздары 1 млн теңгеден алды

Алматыда «Инновациялық конвент» байқауының жеңімпаздары 1 млн теңгеден алды

4 Желтоқсан, 2013 17:42
Бүгін Алматыда IV «Инновациялық конвент» жылсайынғы байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бірінші Алматы халықаралық инвестициялық форумының жабылуында он жаңашыл өз жобаларын іске асыруға 1 млн теңгеден алды.

Алматының жоғары оқу орындарында оқитын жастар байқаудың алты номинациясы бойынша марапатқа ие болды: «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік мультимедиялық жоба», «Инновациялық Start Up», «Қоғам қызметіндегі инновация», «Қаланың инновациялық дамуы», «Энергияның баламалы көздері саласындағы инновация». 

«Балалар үшін бұл жай ғана марапат емес, бұл жобаларды жақсартуға деген мүмкіндік. Біз алматылық студенттерден электромобиль, ай бетінде жүретін аппарат секілді жобаларды күтпеген едік. Жеңімпаздарды іріктеу барысында әділ қазылар алқасы жобалардың қала үшін қаншалықты маңызды екеніне және жүзеге асырылу мүмкіндігіне назар аударды. Мысалға, «Танчик» роботы төтенше жағдай кезінде өте қолайлы. Ол бейнебақылау камерасымен өтуге қиын жерлердің өзіне де кіріп кетеді, тұтану ошақтарын анықтайды»,-деді Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Санжар Боқаев.

Ол сондай-ақ «Инновациялық Start Up» номинациясы жеңімпазының жұмысын атап өтті. Жас жаңашыл адамның жүрек-тамыр жүйесінің мониторингісіне арналған мобильді қосымша ойлап тапқан. Мобильді құрылғы жүрек тербелісін бақылап отырып, науқас жүрегінің мониторингін жүзеге асырады. Оның айтуынша, байқау екі айға созылған, оған барлығы 40-тан астам жас өнертапқыш қатысты. 
 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар