• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Ресей Президенттері өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысуға келді

Қазақстан мен Ресей Президенттері өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысуға келді

4 Қазан, 2016 15:04
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумына қатысуға келді.

Астанада Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумы өтеді. Форумға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысады.Форум аясында іскерлік кеңес өтіп, жалпы құны 25 млрд долларлық келісімдерге қол қойылады деген жоспар бар. Басқосуға Forbes және Global-2000 тізімдеріне енетін ірі компаниялардың жетекшілері шақырылған. Жалпы, қазір екі ел капиталының қатысуымен 6 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді.

Қазіргі таңда Қазақстанда  6 мың 453 компания ресейліктердің қатысуымен экономика, мұнай өндіру, өңдеу өнеркәсібі, көлік, байланыс, машина жасау, ғарыш саласында ынтымақтасу бойынша жұмыс істеп жатыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, форум аясында  3 млрд доллардың 56 екіжақты құжатына қол қою жоспарланған.

 

 

 

Барлық жаңалықтар