- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы елдер арасындағы жүк айналымын арттыруға мүмкіндік береді
Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы елдер арасындағы жүк айналымын арттыруға мүмкіндік береді
Ұлттық компания хабарлағандай, екі жақ автомобиль жолдарын жобалау, қайта жаңарту, жөндеу және техникалық қызмет көрсету бағыттары бойынша ынтымақтасуға ниетті. Сондай-ақ, ірі өңірлік инвестициялық жобалар бойынша, жолдардағы ғылыми-техникалық әзірлемелер мен интелектуалды көлік жүйесін енгізу және пайдалану саласында ынтамақтастықты да жоспарлап отыр.
Оған қоса, Форум шеңберінде «ҚазАвтоЖол»ҰҚ» АҚ және «РТ-Инвест Транспортные Системы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында да Меморандумға қол қойылды. Компания өкілдері тасымалдаушыларға ыңғайлы жағдай жасау мен шекарадан кедергісіз өту мақсатында, Қазақстан Республикасы аумағындағы транзиттік көлік құралдарына орнатылған «Платон» төлем жинау құрылғысының мәселесін жан-жақты қарастыруға келісті.
Форум алдында компания басшылары кездесіп, өзара іс-қимыл механизмін талқылады.
ГК «Автодор» және «РТ-Инвест Транспортные Системы» ЖШС компанияларымен әріптестігімізге өте қуаныштымыз», - деді «ҚазАвтоЖол»ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ермек Қизатов. – Бүгінгі құжаттарға қол қоюымыз, бұл біздің компаниялар үшін ұзақ мерзімді және өзара тиімді негізде стратегиялық бизнес әріптестік құрудың және даму кезеңінің бастауын білдіреді».
«Осындай келісімге қол қою өте маңызды іс-шара болып табылады. «Платон» жүйесі оператары мен «ҚазАвтоЖол» Ұлттық Компаниясы арасындаға ынтамақтастық - біздің мемлекеттер аумағында ортақ көлік кеңістігін құруға мүмкіндік береді, тауар айналымын арттыру үшін кедергілерді жояды және тауарларды жеткізу жылдамдығын арттырады», - деді Ресейдің көлік Министрі Максим Соколов.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада Ресей мен Қазақстан Мемлекет басшыларының қатысуымен XIII өңіраралық ынтамақтастық Форумы өтуде. Форумның іскерлік бағдарламасында «Тиімді бизнес қажеттіліктерін қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда Ресей мен Қазақстанның көлік-логистикалық кешенді дамыту» панельдік сессиясының өтетіндігі қарастырылған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция