- Басты
- Жаңалықтар
- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Маңғыстау облысының халқын «ЖҚЖК-2020» бағдарламасының ерекшеліктерімен таныстырды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Маңғыстау облысының халқын «ЖҚЖК-2020» бағдарламасының ерекшеліктерімен таныстырды
«Жұмыс сапары облыс әкімі Алик Айдарбаевпен кездесуден басталды. Кездесуде өңірдің 11 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланды. Соның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аяқ алысы да сөз болды. Министр сонымен қатар өңірдің тауар өндірушілерінің жәрмеңкесіне қатысты. Осы сапар барысында Тамара Дүйсенова нақты шараларға қатысты бағдарламалардың орындалуынан хабардар болды», - делінген хабарламада.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарында Тамара Дүйсенова ауылдық округ, қала мен аудан әкімдеріне оқыту семинарын өткізді. Онда әлеуетті қатысушылар мен халық арасындағы бағдарламаның түсіндірілу механизмі қаралды.
Қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері жастармен кездесуінде де министр ханым «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы жайлы аз-кем мағлұмат берді. Бағдарламаның ауыл жастарына тигізер пайдасымен таныстырды.
Жұмыс сапарында Тамара Дүйсенова облыс орталығындағы әлеуметтік және өндірістік мекемелердің жұмысымен танысып, «Балаларға денсаулық» ҚҚ оңалту орталығында, оралмандарды бейімдеу мен кіріктіру орталығы, мүгедектер мен қарттар үйінде, Маңғыстау облыстық балалардың психоневрологиялық интернат үйінде және «Ақтау тренингтік орталығы» ЖШС-де болды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар