- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитеті 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістерді қарады
Сенат комитеті 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістерді қарады
2016 жылғы бюджетке кірістер түсімі асыра орындалу ықтималдығын ескере отырып және Ұлттық қор қаржыларын жинақтау мақсатында Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт көлемін 2 880,0 миллиард теңгеден 2 479,7 миллиард теңгеге дейін азайту көзделіп отыр. Комитет сондай-ақ «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да қарады.
Макроэкономикалық көрсеткіштерді нақтылау және 2016 жылғы алты айдағы іс жүзіндегі түсімдерді есептеу республикалық бюджет кірістерін қайта қарауға негіз болды. Республикалық бюджетке кірістердің нақты болжамы (трансферттер түсімін қоспағанда) 2016 жылы 4 200,2 миллиард теңге сомасында белгіленді немесе 834,9 миллиард теңгеге ұлғайды.
Республикалық бюджет шығыстары 2016 жылы нақтыланған бюджетпен салыстырғанда 379,9 миллиард теңге өсімімен 8 646,7 миллиард теңге сомасында көзделіп отыр. Қосымша бюджет қаржылары экономикалық өмісді ынталандыру шараларын іске асыруға – 283,4 миллиард теңге, еліміздің қауіпсіздік деңгейін көтеруге – 70,2 миллиард теңге және түрлі жобалар бойынша міндеттемелері орындауға – 136,4 миллиард теңге бөлінетін болады. Республикалық бюджеттің дефициті 2016 жылы бұрынғы деңгейде қалады және ол 902,7 миллиард теңгені немесе Жалпы ішкі өнімнің 2 пайызын құрайды. Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика