- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ресей 4 млрд доллардың 27 инвестициялық жобасын жүзеге асыруға дайын
Қазақстан мен Ресей 4 млрд доллардың 27 инвестициялық жобасын жүзеге асыруға дайын
Кездесу аясында министрлер Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы мен интеграциялық үрдістерін тереңдету тұрақтылығын атап өтті.
«Сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайтатын хатаммаға қол қойылды. Жоспарда 45 шара бар. 2017 жылы тауар айналымын 700 млн долларға жеткізуді күтіп отырмыз, болашақта дағдарысқа дейінгі деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 4 млрд доллардың 27 инвестициялық жобасын жүзеге асыру қарастырылған. Бұл машина жасау, метталлургия, ауыл шаруашылығы жобалары. Бұл келісімдер 2017 жылы басталады», - деді Қ.Бишімбаев.
Ведомство басшысы атап өткендей, тауар айналымы соңғы жылдары айтарлықтай төмендеп кеткен.
«Біздің өзара сауда айналымымыз 2014 жылмен салыстырғанда 25 пайызға құлады, бұл әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты болып отыр. Тауар өндірушілеріміз ол жаққа шыға алмай отыр, себебі Ресейде де тұтынушылық сұраныс азайып отыр. Жалпы, экономика тауарларды аз тұтына бастады. Көптеген мәселе сауда кедергісіне ғана емес, ортақ экономикалық мәселеге байланысты», - деді ол.
Министр айтып өткендей, қосарлы салық салу механизмін, көлік пен қазақстандық тауарлардың логистикасын жетілдіру қажет,
Айта кетейік, Астанада Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумы өтеді. Форумға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысады.Форум аясында іскерлік кеңес өтіп, жалпы құны 25 млрд долларлық келісімдерге қол қойылады деген жоспар бар. Басқосуға Forbes және Global-2000 тізімдеріне енетін ірі компаниялардың жетекшілері шақырылған. Жалпы, қазір екі ел капиталының қатысуымен 6 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары